Қызылорда облысында мектептің бу қазандығы жарылды

0 3

Қызылорда облысында мектептің бу қазандығы жарылды. Келеңсіз жағдай таңғы сағат 6-лардың шамасында болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы №238 мектепте арнайы жұмысшы топ зерделеу жұмыстарын жүргізіп, апаттың шығу себептерін анықтап жатыр. Мамандар балалардың үздіксіз білім алуына еш қауіп жоқ екендігін айтады. Оқиға орнына келген аудан әкімі білім беру нысанының бу қазандығы тез арада қалыпқа келтірілетінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.