Қызылордада 2 жасар қыз үйінің ауласындағы бассейнге батып кетті

0 120

Қызылордада екі жастағы сәби үрлемелі бассейнге батып кетті.

Қайғылы жағдай, кеше, 22 шілдеде кешке болған.
Қызылорда қаласындағы тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып қойған 2020 жылы туған сәби үрлемелі бассейндегі суға тұншығып қалған.
«Облыс тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау қажет. Балаларға барынша сақ болыңыздар», — деп ескертті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар!

Дереккөз: Спутник сайтынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.