Қызылордада әкесі мен баласы жоғалып кетті

0 5

Қызылорда облысында әкесі мен баласы елсіз далада жоғалып кетті

Оқиға 17 қарашада Жалағаш ауданына қарасты Аққыр ауылынан 150 шақырым жерде орналасқан аймақта екі адам жоғалып кеткен. Оның бірі -1981 жылғы азамат болса, екіншісі — оның 9-10 жастағы баласы. «Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бұл жөнінде хабарлама сағат 12.40-те түскен. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы мамандары жетті. Бұл бағытта іздестіру жұмыстары жүргізіледі», — деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. Еске салсақ, бүгін Қызылордада мал бағуға шыққан 12 жастағы бала табылды. Сондай-ақ, Қызылордада жоғалған азамат екі күннен кейін елсіз даладан табылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.