Жаңалықтар

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өмірден озды

The final spritzer

Қаралы хабарды аталған ведомство басшысы Ғани Бейсембаев жазды

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева дүниеден озды. Бұл қаралы хабарды оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев растады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Министрдің мәліметінше, марқұм өзінің еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментін басқара отырып, мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуға елеулі үлес қосты.