Жаңалықтар

Рамазан айына орай @MuftyatBot іске қосылады

Бот арқылы діни сұрақтарын қойып, Шариғат және пәтуа мамандарынан жауап алуына мүмкіндік бар.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен  http://@MuftyatBot   Telegram-боты іске қосылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бот жұмысын Бас мүфти төрағалығымен Рамазан айына орай өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан таныстырды.

Оның айтуынша, Telegram қолданушылары жаңа бот арқылы Рамазан кестесін жүктеп, мүфтият ресми сайтында жарияланған ақпараттар мен мақалаларды, сұрақ-жауап, пәтуаларды оқи алады. 

Жаңа Telegram боттың қосылу сілтемесі: https://t.me/muftyatbot