Рамазан айының қарсаңында уақытты дәл көрсетететін арнайы ресурс іске қосылды
Рамазан айының қарсаңында уақытты дәл көрсетететін арнайы ресурс іске қосылды
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазстандарт арнайы уақыт ресурсы – мемлекеттік уақыт эталоны және жиілігімен сәйкестендірілген сағатты іске қосты. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. «Мереке қарсаңында Қазстандарт мемлекеттік уақыт эталонымен және жиілігімен сәйкестендірілген – сағатты іске қосты (https://ramazan.ksm.kz). Осы сағат арқылы ауыз бекіткен әрбір азамат Қазақстанның барлық өңірі бойынша күннің шығатын және бататын дәл уақытын біле алады. Ауыз бекіткен адамдар үшін әр минут маңызды. Біздің мемлекетімізде азаматтар бір-бірін көпшілік мерекелермен ғана емес, діни мерекелермен де құттықтайды. Бұл өзгенің таңдауына деген құрмет. Меніңше, Қасиетті ай, біздің көпконфессиялы халқымызды бұрынғыдан да біріктіре түседі. Қазақстанның әрбір отбасына бейбітшілік, жақсылықпен жаңару тілеймін!»,-деп жазды Бақыт Сұлтанов.