Рамазан айының басталуы: Ораза уақыты келді

Бұл ай – рухани тазару, сабыр мен қайырымдылықтың кезеңі
Бүгін түнде қасиетті Рамазан айы басталады, яғни мұсылмандар үшін ораза ұстау уақыты келді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ертеңнен бастап мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден және басқа да тыйым салынған істерден бас тартып, құлшылықтарын күшейтеді.
Оның ұзақтығы 29 күнге созылады.
Сәресіде айтылатын дұға:
نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауызашарда оқылатын дұға:
اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ ذَهَبَ الظَّمَأُ وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللهُ
Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».
Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».
Ораза 1 наурызда басталып, 29 күн жалғасады. Мұсылман күнтізбесіне негізделген ай күнтізбесіне байланысты Рамазан айы әр жылы өзгереді. 2025 жылдың қасиетті Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге келеді. Ал 30 наурыз — Ораза айт мерекесі.