"Құрбыларым ақша берді": Дариға Бадықова фильм түсіру үшін қанша қаржы жұмсаған
"Құрбыларым ақша берді": Дариға Бадықова фильм түсіру үшін қанша қаржы жұмсаған
Бүгінде продюсер ретінде танылып жүрген актриса Дариға Бадықова фильм түсіру үшін ақшаны қайдан алғанын айтты. Өнер иесі төл туындысына 108 млн теңге жұмсаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бадықова кино түсірерде өзінің ауқатты құрбыларының көмегі зор болғанын айтты. Актриса кино түсіру туралы ой туындаған сәтте оларға хабарласып, қаржылай көмек сұраған. "Тайландта жүрген кезде маған кино түсіру иедясы келді. Менің өзі екі құрбым бар. Сол екі құрбыма Тайландтан қоңырау шалып, "кино түсіргім келеді, ақша беріңдер" дедім. Ақша берді. Олар ауқатты, ішіп-жемдері мол. Әзірге ақшаны, байлықты жүректеріне салмаған. Үлкен өнерге салды. Үлкен алғыс. Киноға 108 млн теңге кетті. Соның сегіз миллионын өз қалтамнан шығардым. Фильмнің түсіріліміне қатысқан барша жандарға қолымнан келгенше, өз деңгейімде гонорар бердім. Ешкімді ренжітпедім деп ойлаймын", - деп ағынан жарылды актриса "Ұйқым келмейді" бағдарламасында. Дереккөз: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043497-qurbylarym-aqsa-berdi-dariga-badyqova-film-tusiru-usin-qansa-qarzy-zumsagan/