Жаңалықтар

Ресейдегі теракт: оқ жаудырғандардың барлығы ұсталды

Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 133 адамға жетті.

Концерт залында халыққа оқ жаудырғандардың барлығы ұсталды. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин халыққа арнаған бейнеүндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Кремьлге сілтеме жасап Jambylinfo.kz.

Ресей басшысының айтуынша, елдің барлық аймағында лаңкестікке және диверсияға қарсы қосымша шаралар енгізілді. Басты мәселе – осы қантөгістің артында тұрғандардың жаңа қылмыс жасауына жол бермеу.

Лаңкестік қылмысты тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адамдарды атып өлтіргендердің барлығы табылып ұсталды. Олар - терактінің төрт тікелей орындаушысы.

Олар жасырынуға әрекеттеніп, Украинаға қарай бағыталған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Украина тарапынан оларға мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін терезе дайындалған. Барлығы 11 адам ұсталды. Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі мен басқа да құқық қорғау органдары лаңкестердің барлық сыбайлас базасын анықтау және ашу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр: оларды көлікпен қамтамасыз еткендер, қылмыс орнынан қашу жолдарын белгілегендер, жасырын және қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған қоймалар дайындағандар.