Жаңалықтар

Ресейлік Fix Price дүкендер желісі Қазақстанға көшіп келді

Бұл туралы Астана халықаралық қаржы орталығы хабарлап отыр

Астана халықаралық қаржы орталығы ресейлік Fix Price төмен баға дүкендер желісі Қазақстанда тіркелгенін хабарлады. Осыған байланысты компания Кипрдің юрисдикциясында тіркеуді тоқтатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Ulysmedia.kz. сілтеме жасап.

 30 маусымдағы мәліметтерге сәйкес, Fix Price-тің бүкіл Қазақстанда 304 дүкені бар. Оның ішінде 287 жеке және 17 франчайзингтік дүкендер. Олар 19 облыста және 55 қала мен елдімекендерде орналасқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік компаниялар Кипрдің юрисдикциясынан жаппай кететінін хабарлаған болатын. Ал 2023 жылдың қазан айында Fix Price компаниясы Кипрден Қазақстанға көшу жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.