Республикалық референдум: Жамбыл облысында барлық сайлау учаскелері жұмысын бастады
Жамбылдықтардың белсенділігі жоғары
Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумға жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де дауыс беру басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Облыстық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, өңірде 508 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде дауыс беру құқығына ие жамбылдық саны - 717 039 құрап отыр.
Тараз қаласындағы сайлау учаскелерде халық көп жиналған.
Солардың ішінде бірінші болып №28 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген қала тұрғындары Анар Тілепова мен Жамбыл атындағы №5 мектеп - гимназиясына орналасқан №35
сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасаған Айдарбек Айманбетов бар.
Таңмен таласа сайлау учаскесіне келген азаматтар еліміз үшін маңызды күнде ел болашағына бей-жай қарамайтындықтарын жеткізді.
Өз кезегінде № 28, №36 дауыс беру учаскелері алғаш болып дауыс берген тұрғындарға арнайы сыйлық табыстады.
Айта кетейік, қызметін таңертең сағат 07:00-де бастаған сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.