Республикалық Жазғы волонтерлер мектебінің жұмысы аяқталды
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Birgemiz: areket yaqyty» стратегиялық серіктестігі аясында Ұлттық фронт-кеңсе ұйымдастырған V Республикалық Жазғы волонтерлер мектебі өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрлік мәліметінше, аталмыш мектеп 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді және осы уақыт аралығында елімізде волонтерлік қоғамдастықты қалыптастыруға арналған маңызды алаң ретінде танылды. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарды әлеуметтік маңызы бар бастамаларға жұмылдыру, олардың құзыреттілігін арттыру және волонтерлікке деген қызығушылықты күшейту.
Мектеп аясында бұған дейінгі жылдары осы алаңда білім алған, бүгінде өз өңірінде әлеуметтік жобалар мен ауқымды іс-шараларды табысты жүзеге асырып жүрген үздік түлектердің жетістіктері де сөз етілді. Бұл бастамалар тек мемлекеттік емес, сонымен қатар үкіметтік емес құрылымдардың да қолдауымен іске асқан.