Риддерде жас ана есірткі таратумен айналысқан
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Риддерде басқа өңірден келген жас ана синтетикалық есірткі таратумен айналысқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Риддер қаласының полиция қызметкерлері 35 жастағы басқа облыстың тұрғынын анықтап, ұстаған. Белгілі болғандай, ол былтырғы желтоқсан айында кәмелетке толмаған баласымен бірге қалаға келіп, «балалы әйел» мәртебесін пайдаланып, синтетикалық есірткі таратумен айналысқан.
Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген зат аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екені анықталды. Ұсталған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның кәмелетке толмаған баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді.