Жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының финалына шықты

Ризабек Айтмұхан Албанияда өтіп жатқан әлем чемпионатында финалында ирандық Махди Морафамен кездеседі

Ризабек Айтмұхан Албанияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Албания астанасы Тиранада 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан финалына шықты.

Белдесуде Ризабек 97 келіге дейінгі салмақта ресейлік Шамиль Гаджиевты 7:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ризабек бүгін финалда алғаш рет ирандық Махди Морафамен белдеседі.