Жаңалықтар

«Россия-1» арнасында тараған видео: Депутат Бас прокуратураға жүгінбек

«Россия-1» арнасында тараған видео: Депутат Бас прокуратураға жүгінбек

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Россия-1 арнасында Қазақстанға қарсы сөз сөйлеген спикердің әрекеті жөнінде пікір білдірді. Депутат Бас прокуратураға жүгінгелі отыр, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, Ресей жақтан естілетін мұндай позицияларға депутаттар да, президенттің өзі де жауап берген.

Елнұр Бейсенбаев күні кеше ғана Россия-1 арнасындағы спикерлердің бірінің Қазақстанды «Ресейдің Украинадан кейінгі проблемасы» деп атаған видеосын әлі көрмегенін айтып өтті.

Елнұр Бейсенбаев сөз соңында Ресей арналарынан тараған видеороликтердің бәрін жинап, Бас прокуратура мен Әділет министрлігіне хат жазатынын, ол органдардан роликтерге құқықтық баға беруін талап ететінін айтты.