Өртке оранған пәтерден шыққан 3 балаға Медициналық апаттар орталығы алғашқы көмек көрсетті
Тараз қаласы, Ниетқалиев көшесі, 7 үйде, таңғы сағат 09-55-те өрт оқиғасы орын алған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Өртке оранған пәтер ішінен шыққан 3 балаға Медициналық апаттар орталығымен алғашқы көмек көрсетілді. Олардың ішінде 1 бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден соң үйіне қайтарылды. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Шақырту орнына жедел жеткен өрт сөндіруші-құтқарушылар 10-17-де өртті оқшаулап, сағат 10-20-да жойған. Өрт алаңы 45 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнында Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінен 40 адам және 11 техника жұмыс істеген. Өрт барысында 10 адам эвакуацияланған. Оның ішінде 5 бала бар.