Сәкен Мамаш қамауға алынды
Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлімдеді
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаштың әйелін жүйелі түрде ұрғаны дәлелденді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Былтыр көктемде бұрынғы дипломаттың әйелінің шағымы жарияланған шақта сыртқы істер министрлігі Қазақстанның БАӘ-дағы елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамашты елге қайтарып жатқанын хабарлаған. Ізінше дипломаттың әйелі БАӘ-дан Астанаға келіп, балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылған.
Еске салайық, ол бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшісінің кеңесшісі болған.