Жаңалықтар

«Сұлу чемпионның басы бос емес»: Ақмарал Науатбек белгілі дзюдошының жары болып шықты

Спортшылар 2022 жылы шаңырақ көтерген

Қазақстан тарихындағы пара дзюдодан әйелдер арасында тұңғыш паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбектің аяулы жар, ибалы келін екені белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ақмарал Науатбек -  2020 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы, 2023 жылы Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының чемпионы Мәди Амангелдінің жары. 

Жастарды спорт таныстырып, табыстырған. 

Дзюдошылар 2022 жылы отау құрған. 

Мәди Амангелді мен Ақмарал Науатбек Астана қаласында тұрады. 

Спортшылар әр жарыста бір-бірін қолдап, жанкүйер болады. 

Мәди Амангелді жары Париж төрінде белдескенде қасында болған. 

Бүгінгі таңда махаббат қаласы Парижде жүрген ғашықтар әлеуметтік желідегі парақшаларына суреттерін жүктеген. 

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Жамбыл облысы, Жуалы ауданында 1999 жылы өмірге келген.