Жаңалықтар

СҚО-ға оңтүстіктен көшіп барған тұрғын грант алып, наубайхана ашты

СҚО-ға оңтүстіктен көшіп барған тұрғын грант алып, наубайхана ашты

Биыл 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға 274 грант беру жоспарланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Бүгінде өңірде 178 адам мемлекеттен қолдау алды. Ұлттық жобаға қатысушылардың бірі – Ақжар ауданының тұрғыны Дариха Құрбанова. Ол 1 380 000 теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, Восход ауылында өз наубайханасын ашты.