Сабақ беруден қашатын сауатсыз адамдар директор болады - Аятжан Ахметжан
Оның айтуынша, директордың жауапкершілігі көп, есесіне жалақысы аз
Белгілі педагог, "QAZBILIM GROUP" компаниясының басқарма төрағасы Аятжан Ахметжан мектеп директорының жауапкершілігі көп, керісінше жалақысы аз болғандықтан сауатсыз мұғалімдер директор бола бастайтынын айтқан. Бұл туралы ол журналист Жамбыл Зейнолланың "Jaksi jakem" подкастында тілге тиек еткен деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Аятжан Ахметжан сөзінше, былтыр Атырау және солтүстік өңірлерде мектеп директоры мен оның орынбасарларының жүздеген орны бос тұрған.