Сабина Алтынбекова өзін мазалап жүрген аурудан толық жазылғанын айтты
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында бір жылдан бері емделіп жүргенін айтты
Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына қатысты маңызды жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Спортшының айтуынша, оны ұзақ уақыт бойы бас ауруы мазалаған.
Осыған байланысты Сабина бір жыл көлемінде арнайы ем қабылдап, клиникада тұрақты тексеруден өткен. Ол кәсіби спортшы үшін физикалық қана емес, эмоционалдық жағдайдың да аса маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ Сабина өзіне тиімді емдеу әдісін ұсынған дәрігерлерге алғысын білдірді.