Сайлау-2022: Сайлаушылардың жалпы саны белгілі болды

0 23

31 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті деп хабарлады Жамбылинфо тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Отырыста ең алдымен әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт бойынша сайлау комиссияларына беру туралы мәселе қаралды. Осыған байланысты өңірлердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне әкім қол қойғанын, оның шешімі бойынша учаске құрылған және биыл 30 қазанда акт бойынша учаскелік сайлау комиссияларына қағаз түрінде, аумақтық комиссияларға электрондық түрде ұсынылғанын хабарлады. Сондай-ақ бірінші мәселені қорытындылай келе, Нұрлан Әбдіров 4 қарашадан бастап азаматтарға тиісті сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізімінде өздерін тексеруге, сондай-ақ басқа сайлау учаскесінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға мүмкіндік берілетінін жеткізді.

Сонымен бірге жиында бюллетеньдегі барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетілетіні және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілетіні белгілі болды.

Кандидаттарды тіркеуге сәйкес бюллетеньнің келесі мәтіні белгіленді:

Әбден Қарақат Жақсылыққызы

Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы

Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы

Қажыкен Мейрам Зекешұлы

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы

Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы

«Бәріне қарсымын» деген жол.

Сайлаушылардың жалпы саны 11 950 485адамды құрайды. Дәл осы көрсеткіш сайлау комиссияларына ұсынылған актілерде көрсетілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.