Жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" өкілі тікелей эфирде сенатордан сөз естіп қалды

Сенаттың тікелей эфирде өткен отырысында сенатор Сұлтанбек Мәкежанов «Самұрық-Қазына» қорының өкілін кешіккені үшін қатаң сынға алды.

Сенаттағы дөңгелек үстел отырысына қордың Жекешелендіру және активтерді қайта құрылымдау департаментінің директоры Дастан Адиходжаевтың кеш келуі сенатордың сынына себеп болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы Newtimes.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұдан кейін сенатор қордың Президент тапсырмаларын орындаудағы төмен тәртіп деңгейін де сынға алды.

Өз кезегінде Дастан Адиходжаев кешігу себебін түсіндіруге тырысты.

Алайда бұл жауап сенатордың көңілінен шықпады.

Дастан Адиходжаев жұмыс тобының бір отырысына қатысқанын айтқанымен, сенатор сөзін аяқтатпай, бөліп жіберді.