Самат Әбіштен жауап алынып жатыр — ҰҚК

0 29

Тергеу амалдары аясында Самат Әбіштен жауап алынып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты.

Алайда ол тергеу амалдары барысында С. Әбіш күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады.

«Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр. Оның статусын білмеймін және ол дәл қазір Қазақстанда екенін білемін. С. Әбішті өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Осы орайда ол сонда болуы керек», — деді Асқар Әмірханов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.