Жаңалықтар

Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының қызметкерлері Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Әлия Молдағұлованың ескерткіші 2019 жылы ашылған және Санкт-Петербургтің Красногвардейский ауданындағы №5 үйдің батысындағы қалалық гүлзарлардың бірінде орналасқан. Биіктігі 3 метр қоладан жасалған мүсіндік композиция қызғылт гранит тұғырына орнатылды. Ескерткіш Санкт-Петербург қаласы Үкіметінің, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің, Ақтөбе және Атырау облыстары әкімдіктерінің ортақ қолдауларының арқасында қойылды.