Жаңалықтар

Сарысу ауданы, Түркістан ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Сарысу ауданы, Түркістан ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Түркістан ауылдық округі 1997 жылы құрылған. Жер көлемі 49 632,85 гектар аумақты құрайды. Оның ішінде егістік жерлер – 13 733,90 га, жайылым – 26 494,12 га, жеке қосалқы шаруашылық жер – 28 га. Ауылдық округке 3 елді мекен Ә.Бүркітбаев, Арыстанды, Үшбас ауылдары қарайды. Барлығы, 252 аулада 340 жанұя, 1474 адам тұрады. Оның ішінде, 1027 қазақ, 12 орыс, 5 украйн, 15 әзірбайжан, 1 ұйғыр, 1 татар, 1 өзбек, 417 күрді халқының өкілдері тұрады. Ауданымыздағы күрді ұлтының 90 пайызы округке қарасты Арыстанды елді мекенінде тұрады. Арыстандыда 431 адам мекендейтін болса, оның 315-і күрді, 116-і қазақ. Округте этносаралық татулық сақталған. Саяси хал ахуал тұрақты. Аудандық «БАРБАНГ» күрділер этномәдени орталығының төрағасы Айдаров Камал Абдулкадирулы осы Арыстанды ауылында тұрады. Жыл басынан бері 21 нәресте өмірге келді. Ауылдық округте 3 мектеп, 1 балабақша, 2 клуб үйі, 3 кітапхана үйі, 2 су жинау ғимараты, 1 ветеринариялық пунт жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары бос уақытын тиімді пайдалану үшін елді мекендерде 1 аллея, 3 шағын футбол алаңы, 3 балалар ойын алаңы, 1 стрит воркаут алаңшалары қызмет етеді. Жыл басынан бері І-тоқсанда 9 отбасы 48 адамға, ІІ-тоқсанда 8 отбасы 43 адамға, ІІІ-тоқсанда 7 отбасы 38 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ауылдық округте 72 көп балалы ана, 35 мүгедек, 10 асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатындар, 10 аз қамтамасыз етілген отбасы, 19 алтын алқа, 13 күміс алқа иегерлері бар. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Ә.Бүркітбаев ауылының тұрғыны көп балалы отбасы Қайсарбеков Ерланның тұрғын үйіне күрделі жөндеу жұмыстар жүргізіліп пайдалануға берілді. Ауылдық округте аз қамтылған 20 отбасыға, демеушілер тарапынан азық түлік пакеттері, қысқы қатты отын, қаржылай көмектер берілді. Биыл 50 бала әскерге шақырылды. Оның ішінде 6 жасөспірім Отан алдындағы борышын өтеуге әскер қатарына жіберілді. Бүгінгі күнге мүйізді ірі қара 1581 басты, қой-ешкі 15069 басты, жылқы 843 басты, құс 3207 басты құрап отыр. Округте 70 шаруа қожалығы және 15 жеке кәсіпкер тіркелген. Шаруа қожалықтарда 120 адам тұрақты, 62 адам уақытша жұмыспен қамтылған. Округте 13761,46 гектар егістік жерлер бар. Егістік жерлер толығымен егіс егіліп, игерілуде. Егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылық құрылымдары Саудакент несие серіктестігі» ЖШС-нен 54 млн. 300 мың теңге несие алып, көктемгі дала жұмыстарын жүргізді 2023 жылы күздік бидай – 3414,35 гектарға, жаздық арпа – 2819,84 гектарға, мақсары – 5247,81 гектарға, жоңышқа – 1917,6 гектарға егілді. Округтегі «Марат»; «Әбілқайыр», «Ақжол-Н», «Ырсай» шаруа қожалықтары 108,4 млн. теңгеге 20 дана ауылшаруашылығы техникаларын алды. Қысқы мал азығына 12 000 тонна мал азығы дайындалды. 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі мелекеттік қайтарымсыз грант қаражатын 4 ауыл тұрғыны алды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап, Түркістан ауылдық округі «Ауыл аманаты» жобасына енгізілді. Жобаның ІІ-бағыты бойынша 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға 100 адамнан өтініш түсіп, 20 азаматтың құжаттары «Тараз Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы» АҚ-на өткізілді. ІІІ-бағыты бойынша «Медет» шаруа қожалығы «БЕРЕКЕ-Е» ауылшаруашылығы кооперативімен бірлесіп 535 гектар егістік жерді игеру жоспарлануда. IV-бағыт бойынша округте «БЕРЕКЕ-Е» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. Кооператив 98620000 теңгеге 12 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алуға және 17 576 560 теңге қаражатына егіс егу жұмыстарын жүргізуге құжаттарын рәсімдеп ұсынды. Бүгінгі күнге «БЕРЕКЕ-Е» ауылшаруашылығы кооперативіне 2 дана «YTO LX-1304» тракторлары берілді. V-бағыт бойынша округтен 5-жоба ашу жоспарлануда. Биылғы жылы атқарылған жұмыстар: 1. Қаратас елді мекені Қаратас көшесіне асфальт жабындысы төселді. Ауылдық округте 15 көше бар. Барлық көшелер толық асфальтталған. 2. Қаратас елді мекеніне заманауи үлгіде балалар ойын алаңшасы орнатылды. 3 .Ә.Бүркітбаев ауылындағы шағын футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу жүргізілді. 4. Ә.Бүркітбаев ауылына кіре берісіне «Жасыл белдеу» аймағы жасалынды. 5. Ә.Бүркітбаев ауылына көше жарығы орнатылды. 6. Ә.Бүркітбаев ауылынан Үшбас ауылына шыға беріске аялдама орнатылды. 7. Ә.Бүркітбаев ауылындағы ардегерлер аллеяасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 8. Ардагерлер аллеясына жаздық сахнаның құрылыс жүргізілуде. Округті көгалдандыру және көгеріштендіруге байланысты бойынша Ә.Бүркітбаев, Арыстанды, Үшбас ауылдарына 1000 түп тал егілді.