бейсенбі, 28 наурыз, 2024 16:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

SAULYQ LIFE ЕНДІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА

SAULYQ LIFE ЕНДІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
ашық дереккөзі
SAULYQ LIFE ЕНДІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
Жамбыл облысында «Saulyq Life» жастар денсаулығын сақтау республикалық қозғалысы құрылды. 26.05.2023 жылы «Жария» халықаралық орталығы» ҚҚ президенті Мырхайдаров Қанат Бахадурулы Жамбыл облысына бейресми іс-сапармен барып, «Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» КММ  басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы мырзамен  кездесіп, «Saulyq Life» жастар денсаулығын сақтау республикалық қозғалысының таныстырылымын өткізді. Кездесу барысында жоба аясында қолға алынатын іс-шаралардың кешені, жастар қозғалысының алға қойған мақсаттары, жобадан күтілетін нәтижелер талқыланды. Сонымен қатар, жобаның Жамбыл облысындағы жастарға маңыздылығын ескере отырып, екі жақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Кездесудің нәтижесі ретінде, Жамбыл облысында алғаш рет жастардың репродуктивті денсаулығын қорғаумен айналысатын «Saulyq Life» жастар денсаулығын сақтау республикалық қозғалысы құрылды. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ  мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар