Саясат Нұрбек: Мәскеуде зардап шеккендер арасында қазақстандық студенттер жоқ
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram-арнасында жазды.
Мәскеу іргесіндегі Красногорск қаласындағы «Крокус Сити холл» кешенінде болған лаңкестік оқиғадан зардап шеккендер арасында қазақстандық студенттер жоқ.
Министрдің жазбасына сүйенсек, Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде.