Семейде үлкен өрт болды

0

Бүгін Семейдің Терешков көшесіндегі ағаш тілу орнында үлкен өрт болды. Алдын ала деректер бойынша өртті жоюға жеке құрамнан 25 адам және 8 бірлік техника қатысты.

 

Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі тежелді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Мамандардың айтуынша, өрттің аумағы 250 шаршы метрді құрады. Ал неден шыққандығы әлі белгісіз.

Облыстық ТЖД мамандары әр кәсіпорын басшыларынан өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды сұрайды. Сондай-ақ нысанда автоматты өрт дабылы және алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс. Оқыстан өрт шыға қалған жағдайда, жұмысшылар алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі керек.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.