Семейдегі көлік базарының маңынан ер адамның мәйіті табылды

0 4

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мәйіттің табылуы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 001-бабы 1-бөлігіне (кісі өлімі) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. «Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», — деп хабарлады ведомство өкілдері. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 66 жылқы ұрлаған ер адам ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.