Семейлік оқушылар рубик текшесінен Абайдың портретін жасады

0 17

Семей қаласында оқушылар 3 мың рубик текшесінен Абайдың панно портретін жасап шықты.

10 тамыз – Абай күніне орай семейлік оқушылар ұлы ақынның панно портретін жасады. Ол үшін 3000 рубик текшесі қажет болды.

Бұған дейін оқушылар Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Әлихан Бөкейханның портретін жасаған болатын.

«Хакімнің 176 жылдығына орай балалармен бірігіп, оның панно портретін жасап шықтық. Оқушылар бұл портретті 6 сағатта құрастырды. Мұқият қарасаңыз, панно пиксельдерден тұрады. Оны толық құрау үшін арнайы бағдарлама бар. Ол дайын портретті кубиктің түстеріне сәйкес реттеп қойып береді. Панно портреттің жалпы салмағы 450 келіні құрайды», деді «Қазақстан спидкубинг федерациясы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Арман Машимов.

Айта кетейік, Абайдың панно портреті Семейдегі музейге қойылып, тамыз айының аяғына дейін келушілердің назарына ұсынылады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.