Жаңалықтар

Сенсация: Қамшыбек Қоңқабаев Париж олимпиадасында жүлдесіз қалды

Токио олимпиадасының қола жүлдегері бірінші айналымда жеңілді

Парижде бокстан қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев (92+ кг) алғашқы қарсыласы испаниялық Аюб Гадфадан жеңіліп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жерлесіміз испандық қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп, Париж олимпиадасымен қоштасты. 

Қазақстандық бокс жанкүйлері Қамшыбек Қоңқабаев олимпиаданың финалына шығып, сыралғы қарсыласы  өзбек бокшысы Бахадор Жалоловпен жолығады деп күткен еді. Өкінішке қарай, олай болмады. 

Айта кетейік, Париж олимпиадасы қазақ боксшылары үшін сенсацияға толы болып тұр. Бұған дейін бокстан ұлттық құраманың капитаны, Мемлекеттік Туды көтеріп шыққан Асланбек Шымбергенов жеңіліп қалған болатын.