Сербияда мигранттар мінген автобус апатқа ұшырады

0 6

Сербияның шығысында мигранттар мінген шағын автобус аударылып, 2 босқын көз жұмды. Тағы 19-ы жараланған. 4-уінің халі ауыр. Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға Болгариямен шекаралас аумақта болған. Мигранттарды заңсыз тасымалдаған деген айыппен жергілікті азамат қамауға алынды. Алдын ала ақпарат бойынша, көлік жоғары жылдамдықта келе жатып, жол шетіндегі бекетті соғып, аударылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.