Шәкәрім университетінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технопаркі құрылмақ

Шәкәрім университетінде аграрлық ғылым мен білім беруді дамыту аясында мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағытталған технопарк құру жоспарлануда
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айгүл Ахмеджанова университеттің жұмысымен танысып, профессор-оқытушылар құрамымен кездесуде аграрлық сектордың өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесудің басты мақсаты – өңірдегі мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сапасы мен көлемін арттыруға мүмкіндік беретін технопарк құру. Абай облысының қолайлы климаты мен дамыған инфрақұрылымы бұл бастаманың тиімділігін айқындай түседі.
ЖОО басшылығы аграрлық бағыттағы ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен жобаларды дамытуға ниетті екенін білдірді.
Бақытжан Бекболат