"Үш мұғалім қаза тапты": Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Марқұм педагогтар ауыл мектебінде жұмыс істеген
16 желтоқсанда болған қайғылы оқиға үш педагогтың өмірін қиды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Qostanai.media порталының жазуынша, жүк көлігінің жүргізушісі Түркістан облысының 1992 жылы туған тұрғыны болса, такси жүргізушісі Шалғышы ауылының 1982 жылғы тұрғыны екені анықталды.
Қайғылы оқиғада қаза тапқандардың арасында білім саласының қызметкерлері де бар. Марқұмның екеуі бұрын Октябрь орта мектебінде жұмыс істегені анықталды. Ал жол-көлік апатынан жарақат алған тағы үшеү адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында 11 жасар ұл бала бар.
Заречная мектеп-лицейінің 35 жастағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карина Лаврик пен Большe-Чураков орта мектебінің 48 жастағы педагог-психологы Луиза Ашаева да қайтыс болды. Бұл тәжірибелі педагогтар туралы әріптестері тек жақсы пікірлер айтты.
Мерт болған Алина Абрамова 2002 жылы туған Целинное ауылынан шыққан. Сондай-ақ педагог болған. Қостанай педагогикалық колледжінде оқып, кейін қашықтықтан жоғары оқу орнында білім алған Алина "Әйгерім Ай" атты гуманитарлық бағыттағы жеке мектепте жұмыс істеді.
Білім ордасының басшысы Құралай Шодорова мұғалімді тек жақсы жағынан сипаттайды.
Айта кетейік, жергілікті полиция аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкелуі бойынша тергеу жұмыстарын бастады.