Жаңалықтар

Үш өрт сөндіруші мемлекеттік нагарадалармен марапатталды

Үш өрт сөндіруші мемлекеттік нагарадалармен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. «ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын: Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен: Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі; Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; «Ерлігі үшін» медалімен: Нұрлан Сәлімжан - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 10 қыркүйек № 1003», - делінген құжатта.