Жаңалықтар

«ШҰҒЫЛ»: Атырауда сауда орталығы өртке оранды

Қазіргі уақытта 80 адам қауіпсіз аумаққа шығарылған

Атырау қаласында "Baizaar" ойын - сауық  орталығы өртке оранған. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Jambylinfo.kz.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт туралы бүгін, 27 қазанда сағат 18:37 шамасында шақырту түскен. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, зардап шеккендер жоқ. Ал оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Тілсіз жауды ауыздықтауға, жеке құрамның 90 қызметкері мен 12 техника  жұмылдырылды.

«Департаменттің өрт сөндірушілері Атырау қаласындағы сауда-ойын сауық кешеніндегі өртке байланысты оқиға орнына жедел жетті. Қазір сауда орталығының ғимаратынан 80 адамды, оның ішінде 45 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Сағат 21:53-де қызыл жалын толық ауыздықталған», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.