Жаңалықтар

«Шұғыл»: Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады

Жауапты ведомство дабыл қақты

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстарына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Аталған ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызының айтуынша, елімізде мұғалімдерге арналған ақылы курстар көбейіп кеткен. 

Біліктілікті арттыру курстарының тізбесі жергілікті атқарушы органдар берген өтінімдер негізінде қалыптастырылады. Бұл орайда тақырып пәндерді оқытудың нақты әдістеріне қатысты болады.

Министрлік күмәнді курстар туралы ақпарат белгілі болған жағдайда білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жүгінуді немесе Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 телефон нөмірі арқылы хабарласуды сұрады.

Сондай-ақ курстар бойынша толығырақ ақпаратты «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның сайтынан білуге болады.