Жаңалықтар

Шұжықтан африкалық обаның вирусы табылды

The final spritzer

Шұжықтан африкалық обаның вирусы табылды

Ресейде шұжықтан африкалық обаның вирусы табылды. Воронеж облысындағы ет комбинаты шығарған шұжықтан шошқалардың африкалық оба вирусының ДНҚ-сы табылды. "Интерфакс" мәліметінше, өнім Великий Новгородтағы қоймалардың бірінде сақталған.Қазір мұндай шұжықтың 14 килограмға жуығы жойылды. Новгород облысының ветеринария комитетіндегілер вирустың геномы адамдарға қауіпсіз, бірақ шошқаларға қауіпті - өліп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Инфекция тараған нысанда 22 қазанға дейін карантин жарияланды. Ол жерде вирусты жою шаралары жүргізіліп жатыр.  alashainasy