Шайбалы хоккейден Финляндия құрамасы әлем чемпионы атанды

0 8

Бүгін шайбалы хоккей финалында Финляндия және Канада құрамалары кездесті.

Ойынның 44-минутында Микаэль Гранлунд таразы басын теңестірсе, 45-минутта өз құрамасын алға шығарды. Ал, финляндиялық Йоэль Армиа 54-минутта басымдықты арттырды.

Канадалық Зак Уайтклауд 57-минутта есеп айырмасын қысқартса, 58-минутта Макс Комтуа таразы басын теңестірді.

Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда финляндиялық Сакари Маннинен жеңіс шайбасын соқты. Нәтижесінде, Финляндия әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Осылайша, олар өзінің тарихында төртінші мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Ал, 3-орын үшін сайыста Чехия хоккейшілері АҚШ құрамасын 8:4 есебімен сүріндірді.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтті.

Еске салсақ, биыл Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты топ-дивизионда А тобында жетінші орын алып, үздіктер қатарындағы деңгейін сақтап қалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.