Жаңалықтар

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды

The final spritzer

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды

Сот үкімімен кінәлі деп танылған азаматтардың басым бөлігі темір торға тоғытылатыны белгілі. Әйтсе де, заңға сәйкес оларға да бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру. Әрине, ол үшін сотталған азаматтың тәртібі таразыға түседі. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен 61 жастағы алматылық азаматша еркіндікке жолдама алды. Ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 216 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Енді ол Қылмыстық Кодекстің 72 бабына сай шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып отыр.