Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталуға жақын
Бұл туралы прокуратура мәлімдеме жасады
Алматы облысының прокуратурасы Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазір қажетті тергеу жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды.
Ведомствоның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі.