Шетелдегі қазақтар санаққа қатыса ма?

0 8

Үкімет отырысында Ұлттық санаққа дайындық барысын баяндаған Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов шетелдегі отандастарымыз да санақтан тыс қалмайтынын айтты.

«Тұрақты тұрғындар, еліміздің азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар санақтан өтеді. Сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты шетелге жүрген біздің азаматтар, «Болашақ» бағдарламасы және студент алмасу бағдарламалары бойынша оқитын студенттер, шетелге демалысқа, емделуге немесе қонаққа кеткен туристер де санақтан өтеді. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген немесе пана іздеген қоныс аударушылар, сондай-ақ 12 айдан аз, уақытша елде жүрген шетелдіктер де санаққа алынады», деді ол.

Оның айтуына қарағанда, Ұлттық статистика бюросы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті әкімдіктермен халық санағын өткізу кезінде бірлесіп әрекет ету бойынша бірлескен бұйрықтар қабылдаған. Дәл осындай бірлескен бұйрық Сыртқы істер министрлігін де бекітіліпті.

«Бюро шетелдегі азаматтарымыздың санағын өткізуді ұйымдастыру мақсатында ҚР СІМ-мен өзара іс-қимыл тәртібі туралы бірлескен бұйрықтарды бекітті», деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.