Жаңалықтар

Шілде мамырда түседі. Қазақстанда 40° ыстық болады - Қазгидромет

Елде мамыр айында 40 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін.

Синоптиктердің айтуынша, солтүстікте күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін, ал оңтүстікте +40 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

"Мамыр айында атмосфералық процесстер жазға ауысады. Соның салдарынан күн құбылмалы болып, бірде қатты ысып, бірде суып кетуі мүмкін. Алғашқы онкүндікте күн ысығанымен, кейін кей уақытта екпінді жел тұрып, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін", -деп жазылған ведомствоның хабарламасында.