Шұжықтан африкалық обаның вирусы табылды

0 47

Ресейде шұжықтан африкалық обаның вирусы табылды.

Воронеж облысындағы ет комбинаты шығарған шұжықтан шошқалардың африкалық оба вирусының ДНҚ-сы табылды. «Интерфакс» мәліметінше, өнім Великий Новгородтағы қоймалардың бірінде сақталған.Қазір мұндай шұжықтың 14 килограмға жуығы жойылды. Новгород облысының ветеринария комитетіндегілер вирустың геномы адамдарға қауіпсіз, бірақ шошқаларға қауіпті — өліп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Инфекция тараған нысанда 22 қазанға дейін карантин жарияланды. Ол жерде вирусты жою шаралары жүргізіліп жатыр. 

alashainasy

Leave A Reply

Your email address will not be published.