Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Бұл жағдай рет қайталанған

Бүгін яғни 18 қаңтарда ШҚО-да екі рет қар көшкіні болды. Бұл туралы "Қазселденқорғау" ММ  хабарлады деп жазады Jambylinfo.kz.

Аталған мекеменің мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар «Өскемен - Самар» тас жолының 100-ші шақырымында жауын-шашынның мол түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 750 м3 қар көшкіні болды.

Зардап шеккендер жоқ.