Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда дала өрті әлі сөнген жоқ

Шығыс Қазақстанда дала өрті әлі сөнген жоқ

Күршім ауданындағы дала өртінің аумағы 1800 гектарға жетті. Оны сөндіруге 278 адам, 34 техника, суағар құрылғысы бар 3 тікұшақ жұмылдырылды. Ал Қатонқарағай ауданындағы Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде шыққан от 1900 гектарға жеткен. Өрт сөндірушілердің жұмысына таулы жер мен қатты жел кедергі келтіріп жатыр.