Шығыс Қазақстанда есірткі зертханасы жойылды
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Шығыс Қазақстанда 240 литр психотроптық зат, 2 тонна прекурсор және зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысында есірткі зертханасын жою үшін арнайы операция жүргізген.
Нәтижесінде екі күдікті ұсталып, соттың шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.