Жаңалықтар

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовты әкімдік алдында атып кеткен

The final spritzer

Оқиға кешкі 20:30 шамасында қалалық әкімдік маңында орын алған.

Жуырда ғана тағайындалған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті 1994 жылы туған азамат Ж.Е. үш жерден атып кеткен,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық агенттігі YEDILOV ONLINE телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Оқ жарақаты "Сайга-12" маркалы қарудан болған. Нәтижесінде шенеуніктің оң жақ саны мен иығы жараланған. Дәл қазір Берденовке ота жасалып жатыр. 

Еске салсақ, Берденов ақпан айының соңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.