Жаңалықтар

Шымкентік оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды

Шымкентік оқушы әлемнің 34 университетінен шақырту алды

Шымкенттегі "Білім-Инновация лицейінің" 11-сынып оқушысы Мирас Сейлхан әлемнің 34 университетінен шақырту алды. ⠀ Мирас Сейлхан - өзі оқитын мектептің президенті, Z ұрпағына арналған BIL PRESS редакциясының негізін қалаушы, оған қоса BIL VOLUNTEERS еріктілер клубын ашқан. ⠀ Ол шетел оқу орындарына түсуге дайындықты 9-сынып соңында бастаған. Бұл үшін IELTS, Duolingo сияқты тесттерді тапсырып, жоғары көрсеткішке ие болды. Мысалы, Duolingo-дан 135, IELTS-тан 8.0 жинады. Сондай-ақ, 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазған. ⠀ "Сол уақыттан бастап осы 11-сынып соңына дейін тек университетке түсу үшін уақыт жұмсадым", - дейді ол. ⠀ Осылайша Мирас шақыру алған оқу орындарының 12-сі АҚШ-та, бесеуі Ұлыбританияда, бесеуі Канадада, біреуі Испанияда, төртеуі Аустралияда және тағы басқалары. ⠀ Әзірше ол Colgate University, London School of Economics немесе Ithaca College оқу орындарын таңдап отыр. Оның болашақ мамандығы - қаржы және экономика саласымен байланысты. ⠀ Мирас Сейлхан университеттерден шақырту алуына кімдер үлес қосқанын айтты. ⠀ "Әр қадамымды бақылап отырған мұғалімдерім, мектепті бітіріп кеткен ағалар көмек берді", - дейді оқушы. ⠀ Мирас Сейлханның арманы - Қазақстанды жаңа деңгейге көтеру. ⠀ "Арманым өтірік болып көрінуі мүмкін. Пікірлерде көбі мені шетелде қалып қояды деп жазып жатыр, алайда бұл мен ойлаған нарсе емес", - деді ол